Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Көлік терезесінен оқ атқан: UFC-дің бұрынғы спортшысына үкім шықты

27.03.2026, 21:57

Ол 2025 жылы қамауға алынған. 

Көлік терезесінен оқ атқан: UFC-дің бұрынғы спортшысына үкім шықты
fight.ru

UFC-дің бұрынғы спортшысы Диего Санчес бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы шетелдік MMA Junkie басылымы хабарлады.

44 жастағы америкалық спортшы 2025 жылдың шілде айында қамауға алынған. Полиция мәліметінше, ол көлігімен жол бойында келе жатып, жол-көлік оқиғасы тіркелген аумақ маңында терезеден оқ атқан. Кейін Санчес өз кінәсін мойындап, көліктен оқ атқаны үшін тағылған айыппен келіскен.

Прокуратура экс-спортшыны екі жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, сот оған бес жыл шартты жаза тағайындады. Санчес оқиға кезінде психологиялық қиындықтарға тап болып, түрлі тәуелділіктермен күресіп жүргенін айтқан.

Диего Санчес – UFC тарихындағы алғашқы The Ultimate Fighter жобасының қатысушыларының бірі. Ол 2005-2022 жылдар аралығында ұйым аясында 22 жекпе-жек өткізді. Кейін 2023 жылы BKFC лигасында бір рет өнер көрсетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам