Кездесу Алматыда өтеді.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (18-9) келесі жекпе-жегін Алматыда өткізеді.
Отандық файтер 11 сәуір күні Алматыдағы «Алматы Аренада» өтетін IBA Nomad турнирінде қырғызстандық Кайрат Нурбай уулумен (16-7) кездеседі. «Атаман» лақап атымен танымал қарсыласымен өтетін бұл айқас кештің басты тартыстарының бірі болмақ.
Ұйымдастырушылар бұл жекпе-жекке ерекше мән беріп отыр.
«Жалғас Жұмағұлов пен Кайрат «Атаман» Нурбай уулу арасындағы жекпе-жек. Екі спортшы да Nomad лигасының ережесі бойынша алғаш рет өнер көрсетеді. Спортшылар 11 сәуірде Алматыда жанкүйерлерге керемет шоу сыйлайды», – делінген промоушен хабарламасында.
Жұмағұлов үшін бұл кездесу – жаңа форматтағы алғашқы сынақ. Nomad ережесі бокс пен ММА элементтерін біріктіреді: спортшылар ММА қолғаптарымен жұдырықтасып, клинч пен ұстасуға да рұқсат етіледі.
Кайрат Нурбай уулу - ТМД кеңістігінде жақсы танымал файтерлердің бірі. Ол соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың мамыр айында Ош қаласындағы турнирде өткізіп, ресейлік қарсыласын төрешілердің ортақ шешімімен жеңген.
Айта кетерлігі, дәл сол күні Польшадағы Щецин қаласында Oktagon MMA ұйымының турнирі өтеді. Бұл лигада жеңіл салмақта Жалғас Жұмағұлов чемпион атанған және титулын сәтті қорғаған алғашқы спортшы.