Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Қазақ терминаторы» Еркебұлан Тоқтарды жеңген қырғыз спортшысын жекпе-жекке шақырды

30.03.2026, 23:35

Ол жанкүйерлердің пікірін де сұраған.

«Қазақ терминаторы» Еркебұлан Тоқтарды жеңген қырғыз спортшысын жекпе-жекке шақырды
instagram.com/muratbek_kassymbay

«Қазақ терминаторы» лақап атымен танымал қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай (13-4) қырғызстандық жекпе-жек шебері Марсель Нурланбек уулуын (14-0) жекпе-жекке шақырды.

Қасымбай Instagram парақшасында ықтимал айқастың постерін жариялап, жанкүйерлерден бұл кездесу қаншалықты қызық болатынын сұраған.

«Сен қашатын қарсыласың мен боламын», - деді қазақстандық спортшы.

Марсель де қарап қалмай: 

«Егер жекпе-жек кезінде бір қадам артқа шегінсем, «тұрыста әлсізсің» деп айта беріңіздер», - деп жауап қатты.

Еске сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Арменияның Ереван қаласында өткен Hype FC 28 турнирінде Марсель Нурланбек уулу қазақстандық Еркебұлан Тоқтарды (11-3) сенсациялық түрде жеңген еді. Жекпе-жек бокс ережесімен, бірақ ММА қолғаптарымен өтті және төрешілердің ортақ шешімімен қырғыз файтері жеңіске жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам