Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Көп файтер онымен төбелесуден қашады»: Бекзат Алмахан келесі қарсыласы жайлы айтты

16.02.2024, 08:59

Жекпе-жек 3 наурызда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді

«Көп файтер онымен төбелесуден қашады»: Бекзат Алмахан келесі қарсыласы жайлы айтты
insport

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан UFC лигасындағы бірінші жекре-жегін Умар Нурмагомедовке қарсы өткізетіні мәлім. Осы кездесу алдында қазақ файтері пікір білдіріп, өзін өте маңызды сынақ күтіп тұрғанын атады. 

Умар Нурмагомедов – даңқты спортшы Хабиб Нурмагомедовтің немере інісі. Ол аралас жекпе-жекте әлі жеңіліп көрмеген.

«Біз бұл сынға сақадай саймыз әрі шақыртуды бірден қабылдадық. Барлығын осы жекпе-жекте тәнті етеміз деген ойдамын. Октагонға шығу әлде шықпау туралы біраз ойландым. Бұрын мұндай ұсыныс болмағандықтан келісім бердім. Осыдан 3-4 жыл бұрын мен егер болашақта UFС-мен келісімшарт жасалса, кез келген қарсыласпен айқасқа түсемін деген едім. Араға уақыт өтіп жағдай осылай болып отыр. Умар – жеңіл салмақтағы ТОП-10 файтердің бірі. Өте танымал, мықты спортшы. Көптеген файтер онымен төбелесуден қашады», - деді Бекзат Алмахан.

Аталған жекпе-жек 3 наурызда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам