Жаңа подкаст! "Спарта" КВН командасының мүшесі Бауыржан Омаров қонаққа келді

«Шавкаттың бойында 60% – талант, қалғаны – еңбек»: MMA бапкері Рахмонов туралы

13.02.2024, 09:26

Оның IQ өте жоғары

«Шавкаттың бойында 60% – талант, қалғаны – еңбек»: MMA бапкері Рахмонов туралы
Getty Images

Қазақстандық Dar Pro Team командасының бапкері Азиз Разыев даңқты файтер Шавкат Рахмоновтың талантына тәнті екенін жеткізді. Оның айтуынша, шавкаттың бойында адам баласына қажетті қасиеттің бәрі тоғысқан және толысқан деп жазады fightnews.info сайты.

«Шавкат – өте ақылды және білімді. Ол өзін әбден меңгеріп алғаны сонша, қай кезде қандай жұмыс істеу керек екенін, ағзасына қанша салмақ салу керек екенін жақсы біледі. Ол өз ағзасын жақсы сезеді және ешқашан артық салмақ салмайды. Оның бойында 60% – талант, қалғаны – еңбек. Мен оны өте талантты спортшы деп есептеймін.

Оның ерекше мінезі де бар. Мәселен бір спортшылар болады: талантты еңбекқор. Бірақ қорқып, өзінің мүмкіндіктерін толық пайдалана алмайды, ашыла алмайды. Ал, Шавкат көшеде өсті, көшенің тәрбиесін де көрді, бірақ соған қарамастан ол ақылды әрі талантты болды. Оның IQ өте жоғары. Бір адамның бойынан осының бәрі табылуы өте сирек кездесетін құбылыс», - деді Азиз Разыев.

Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың өзі бозбала шағында базарда жүк тасып, отбасын асырауға көмектескенін бұған дейін мәлімдеген. Ол қиын сәттерде Құдайдан үміт үзбей, жаттығу залына баруға үнемі уақыт тапқанын да айтқан болатын.

UFC 297 турниріне орай FONBET «Тәуекелсіз бәс» арнайы акциясын іске қосты! Турнир матчтарынан кемі 3.00 коэффицент болатын экспресс жинаңыз – жеңілген жағдайда тіккен ақшаңыз толығымен сіздің бонустың шотыңызға түседі. Тәуекелсіз бәс тігіп, шотты алғашқы толтырғанға 200 мың теңгеге дейін бонус алыңыз – FONBET сайты және қосымшасында 1bol промокодымен тіркеліңіз!

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам