Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Октагонға шықпағанына 500 күн болған Шавкат Рахмонов қазіргі жағдайын айтты

22.04.2026, 17:04

Қазақстандық файтер биыл ақпан айында Германияда операция жасатқан

Октагонға шықпағанына 500 күн болған Шавкат Рахмонов қазіргі жағдайын айтты
Gettysport

Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов жарақаттан кейінгі қалпына келу кезеңінен видео жариялап, өзінің қазіргі жағдайы туралы ашық айтты.

Instagram желісінде жарияланған кадрларда спортшы арнайы төсеніште отырып, жаттығу процесін көрсетеді. Кадр сыртындағы сұраққа жауап берген ол қалпына келу оңай емес екенін жасырмады.

«Қиын... Оңай болмайды», - деді Рахмонов.

Қазақстандық файтер биыл ақпан айында Германияда операция жасатқан болатын. Бұған дейін ол жарақаты туралы мәлімдеп, UFC рейтингінен уақытша шығарылған еді.

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. Лас-Вегаста өткен кездесуде ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген. Бастапқыда бұл жекпе-жек чемпиондық белбеу үшін өтуі тиіс еді, алайда сол кездегі чемпион Белал Мұхаммад жарақатына байланысты айқастан бас тартқан.

Кейін Рахмоновтың өзі де жарақатына байланысты бірнеше жекпе-жектен шет қалды. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 500 күнге жуық уақыт бойы октагонға шыққан жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам