Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«UFC-мен қоштасуы мүмкін»: Сарапшы Бекзат Алмаханның MMA-дегі тағдырына баға берді

Бүгін, 14:03

27 маусым күні Алмахан Мацумотомен кездеседі

«UFC-мен қоштасуы мүмкін»: Сарапшы Бекзат Алмаханның MMA-дегі тағдырына баға берді
әлеуметтік желі

Қазақстандық ММА сарапшысы Арман Әбдірахманов Sports24.kz-ке берген сұхбатында отандасымыз Бекзат Алмаханның бразилиялық Жан Мацумотоға қарсы алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

27 маусым күні Баку қаласында өтетін UFC Fight Night Baku турнирінде Алмахан Мацумотомен кездеседі. Бұл айқас қазақстандық файтер үшін аса маңызды, өйткені ол UFC ұйымымен жасалған қазіргі келісімшарттағы соңғы жекпе-жек болмақ.

Сарапшының айтуынша, қарсыласы - жан-жақты дайындалған мықты спортшы.

«Жан Мацумото - бразилиялық ММА мектебінің өкілі, стойкада да, партерде де өзін еркін сезінеді. UFC-де екі рет жеңілгенімен, екеуінде де төрешілердің бөлінген шешімімен ұтылды. Яғни, ол әлі ешқашан мерзімінен бұрын жеңіліп көрмеген. Бұл - оның деңгейі жоғары екенін көрсетеді», - деді Әбдірахманов.

Оның пікірінше, жекпе-жектің АҚШ-тан Бакуге ауыстырылуы Алмахан үшін тиімді болуы мүмкін. Спортшы Алматыда асықпай, қалыпты режимде дайындалып жатыр.

Сонымен қатар сарапшы физикалық және тактикалық тұрғыдан мәселе болмайтынын, басты фактор психологиялық дайындық екенін атап өтті.

«Қысым өте жоғары: келісімшарттағы соңғы жекпе-жек, жанкүйерлердің үміті, өзіне деген жауапкершілік. Егер жеңіліс тапса, UFC-мен қоштасу қаупі бар. Бұған дейін дәл осындай жағдай Азамат Мақсұммен болған еді», - деді ол.

Әбдірахмановтың сөзінше, бұл айқас Алмахан үшін шешуші болмақ.

«Бұл - бәрін анықтайтын жекпе-жек. Не Бекзат өзін жаңа қырынан көрсетіп, деңгейін дәлелдейді, не UFC-дегі болашағы бұлыңғыр күйде қалады», - деп түйіндеді сарапшы.

Айта кетейік, аталған турнирде қазақстандық тағы бір файтер Асу Алмабаев та өнер көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам