Америкалық спортшы сол қолын жарақаттаған
Хамзат Чимаев UFC 328 турниріндегі жеңілісінен кейін денсаулығына байланысты жарыстардан уақытша шеттетілді.
Нью-Джерси штатының атлетикалық комиссиясы файтерді 45 күнге жарыстардан шеттету туралы шешім шығарған. Бұл шектеу жекпе-жектен кейін спортшының денсаулығын толық қалпына келтіру мақсатында енгізілген.
Ал UFC-дің жаңа чемпионы атанған Шон Стрикленд дәрігерлердің арнайы рұқсатын алғанға дейін белгісіз мерзімге шеттетілді. Америкалық спортшының сол қолынан жарақат анықталғаны хабарланды.
Еске салсақ, Ньюаркте өткен UFC 328 турнирінің басты кездесуінде Чимаев Стриклендке төрешілердің шешімімен жол беріп, кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Осы жеңістен кейін Шон Стрикленд UFC ұйымының орта салмақтағы чемпиондық белбеуін иеленді.