Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Хамзат Чимаев еркін күрес бойынша күш сынасатын болды

Бүгін, 10:04

Ол ММА файтері Диллон Дэниспен күш сынасады

Хамзат Чимаев еркін күрес бойынша күш сынасатын болды
© Cooper Neill / Contributor

UFC-де алғаш рет жеңіліске ұшыраған Хамзат Чимаевтың келесі қарсыласы ресми түрде белгілі болды.

Орта салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Хамзат Чимаев енді RAF лигасының турнирінде өнер көрсетеді. Ол еркін күрес ережесі бойынша ММА файтері Диллон Дэниспен күш сынасады.

Жекпе-жек туралы ақпарат RAF промоушнының ресми Instagram парақшасында жарияланды. Чимаев пен Дэнис арасындағы кездесу ұйымның 10-турниріндегі басты айқас болмақ. Қос спортшы 13 маусым күні бозкілемге шығады.

Айта кетейік, Диллон Дэнис спорттық жетістіктерінен гөрі UFC 229 турниріндегі жанжал арқылы кеңінен танылған. Сол кезде Хабиб Нурмагомедов Конор Макгрегорды жеңгеннен кейін октагоннан секіріп шығып, Дэниске шабуыл жасаған еді. Бұған америкалық файтердің арандатушылық әрекеттері себеп болған.

Еске салсақ, жуырда UFC турнирінде америкалық Шон Стрикленд төрешілердің екіұдай шешімімен Хамзат Чимаевты жеңіп, орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қайтарып алған болатын. Бұл Чимаевтың кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі болды.

Соңғы турнирден кейін UFC жаңартылған рейтингін жариялап, Чимаев pound-for-pound рейтингінде бірден жеті сатыға төмендеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам