Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Мұхит Амантаев IBA Nomad 15 турниріне ресми түрде қосылды

Бүгін, 18:40

Мұхит Амантаевтың ықтимал қарсыластары белгілі болды

Мұхит Амантаев IBA Nomad 15 турниріне ресми түрде қосылды
Әлеуметтік желі

Қазақстандық бапкер әрі әлеуметтік желіде танымал блогер Мұхит Амантаев IBA Nomad 15 турнирінің кардында ресми түрде өнер көрсетеді. Бұл туралы Nomad Fighting лигасы мәлім етті.

Қазіргі таңда Амантаевтың ықтимал қарсыластары ретінде қырғызстандық ММА файтері Марсель Нурланбекұлы, қазақстандық Ануарбек «Мотиватор» Бекембетов және есімі әзірге жарияланбаған тағы бір спортшы қарастырылып отыр.

Марсель Нурланбекұлы қазақстандық жанкүйерлерге Hype Fighting турнирінде танымал актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтарды жеңгеннен кейін кеңінен таныла бастады. Екі спортшының жекпе-жегі 27 мамыр күні Ереванда өткен болатын.

Мұхит Амантаев пен Марсель бұған дейін-ақ көз арбастырып үлгерген. 11 сәуірде Алматыда өткен бірлескен IBA Nomad турнирінде қырғыз файтері қазақстандық бапкерді жалаң жұдырық форматында «бір минуттық жекпе-жекке» шақырған. Өз кезегінде Амантаев толық бес минуттық айқасқа дайын екенін мәлімдеген еді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кездесу лиганың алдағы турнирлерінің бірінде өтуі мүмкін.

Ал Амантаев пен «Мотиватор» арасындағы шиеленіс қазақстандық жекпе-жек әлеміндегі ең қызу талқыланған оқиғалардың біріне айналды. Әлеуметтік желіде бапкердің жаттығу кезінде тәжірибесіз шәкіртін ұрып жатқан видеосы тарағаннан кейін, 39 жастағы Ануарбек Бекембетов бұл әрекетті ашық сынға алды. Ол залға тек өз-өзі үшін келетін адамдарды соққыға жығу ер азаматқа тән қылық емес екенін айтып, Амантаевты «нағыз боксты көрсету үшін» жекпе-жекке шақырған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам