Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ислам Махачев пен Иэн Гэрри чемпиондық жекпе-жек өткізеді

Бүгін, 10:00

Ислам Махачев чемпиондық белбеуін Гэрриге қарсы қорғайды

Ислам Махачев пен Иэн Гэрри чемпиондық жекпе-жек өткізеді
әлеуметтік желі

UFC жартылай орта салмақтағы чемпион Ислам Махачев пен ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрри арасындағы титулдық жекпе-жекті ресми түрде жариялады. Екі спортшының кездесуі 2026 жылғы 16 тамызда өтетін UFC 330 турнирінің басты оқиғасы болмақ.

Бұл жекпе-жекте UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Махачев үшін бұл аталған дивизиондағы алғашқы титул қорғау айқасы болса, Гэрри мансабында алғаш рет UFC чемпионы атану мүмкіндігіне ие болып отыр.

Ислам Махачев UFC-дегі ең табысты файтерлердің бірі саналады. Оның кәсіби мансабында 28 жеңіс пен бір ғана жеңіліс бар.

2025 жылдың қараша айында ресейлік спортшы Джек Делла Маддаленаны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақ дәрежесінің чемпионы атанған еді. Бұған дейін ол жеңіл салмақта да чемпиондық белбеуді иеленіп, UFC тарихындағы екі түрлі дивизионда чемпион атанған алғашқы ресейлік файтер ретінде рекорд орнатқан болатын.

28 жастағы Иэн Мачадо Гэрри соңғы жылдары UFC-дегі ең қарқынды дамып келе жатқан спортшылардың бірі ретінде танылып жүр. Ирландиялық файтердің еншісінде 17 жеңіс және бір жеңіліс бар.

Ол соңғы кездесуінде бұрынғы чемпион Белал Мұхаммадты сенімді түрде жеңіп, титулға басты үміткерлердің қатарына қосылған еді. Енді Гэрри карьерасындағы ең маңызды жекпе-жекке шығып, әлем чемпионы атануға талпынып көрмек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам