Уайттың пікірінше, Махачевтің UFC-дегі көрсеткіші Хабибтен жоғары
UFC басшысы Дана Уайт қазіргі жартылай орта салмақтағы чемпион Ислам Махачев пен ұйымның бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің жетістіктерін салыстырды.
Уайттың пікірінше, Махачевтің UFC-дегі көрсеткіші Хабибтен жоғары. Оның басты себебі – Исламның ұйымдағы мансабының ұзақ әрі жекпе-жек санының көп болуы.
«Ислам Хабибтен көбірек жетістікке жетті, өйткені ол ұзақ уақыт жекпе-жек өткізді. Хабиб мансабын жалғастырғанда қандай нәтижеге жетерін кім білсін. Шынымды айтсам, егер Хабиб өзінің мүмкіндігін толық пайдаланып, карьерасын жалғастырғанда, ол барлық уақыттағы ең ұлы файтер атанар еді», – деді Уайт.
Махачев қазір UFC тарихындағы ең ұзақ жеңіс серияларының біріне ие. Ол қатарынан 16 жекпе-жекте жеңіске жетіп, бұл көрсеткіш бойынша Андерсон Силвамен теңесіп отыр.
Ал Хабиб Нурмагомедов UFC-дегі мансабын 29 жеңіс, жеңіліссіз аяқтап, жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін үш рет қорғағаннан кейін спорттан кеткен.