ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Денсаулық пен отбасы маңызды»: Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновқа қолдау көрсетті

Бүгін, 18:40

Сондай-ақ реванш өткізгісі келетінін айтты

«Денсаулық пен отбасы маңызды»: Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновқа қолдау көрсетті
Getty Images

Ирландиялық UFC файтері Иэн Мачадо Гэрри қазақстандық Шавкат Рахмонов октагонға оралғаннан кейін онымен қайта кездескісі келетінін айтты.

Гэрри алдымен Рахмоновқа денсаулығын тезірек қалпына келтіруді тілеп, қазақстандық спортшының қазіргі жағдайында отбасы мен денсаулығы жекпе-жектен маңыздырақ екенін атап өтті. Дегенмен Шавкат толық дайын болған кезде онымен бірден реванш өткізгісі келетінін жасырмады.

«Шавкат Рахмоновқа қатысты айтарым – ол қашан оралса да, оған тезірек сауығып кетуін тілеймін. Кеше біреу оның қазір өмірінде қиын кезеңді бастан өткеріп жатқанын айтты. Оған бар жақсылықты және зор денсаулық тілеймін. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Өйткені жекпе-жектен де маңызды нәрселер бар. Ұзақ мерзімде отбасы мен денсаулық кез келген жекпе-жектен әлдеқайда маңызды.

Шавкат, саған бар жақсылықты тілеймін. Бірақ сен октагонға оралған кезде тек менімен жекпе-жек өткізесің. Сондықтан қашан оралсаң да, кезекті аттап өтіп, бірден менімен кездесесің. Себебі мен дәл осы жекпе-жекті өткізгім келеді», – деді Гэрри.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам