ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Камару Усман Махачевті қалай жеңуге болатынын айтты

Бүгін, 09:28

Усман Махачев үшін дивизиондағы ең қолайсыз қарсыластардың бірі болатынына сенімді

Камару Усман Махачевті қалай жеңуге болатынын айтты
UFC

UFC-дің жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Камару Усман қазіргі чемпион Ислам Махачевпен ықтимал жекпе-жек туралы пікір білдірді. Нигериялық-америкалық файтер ресейлік спортшыны жеңуге мүмкіндігі бар екеніне сенімді.

UFC 330 турнирінен кейін Усман Махачев үшін дивизиондағы ең қолайсыз қарсыластардың бірі бола алатынын тағы да алға тартты. Оның пікірінше, жартылай орта салмақта болашағынан зор үміт күттіретін файтерлер көп болғанымен, дәл қазіргі уақытта олардың ешқайсысы Махачевке өзі секілді стилистикалық тұрғыдан қиындық туғыза алмайды.

«Мен бұл туралы былтыр да айтқанмын. Қазір қарқын алып келе жатқан өте мықты жігіттер бар және уақыт өте келе олардың нағыз қауіпті қарсыласқа айналатынын түсінемін. Бірақ дәл қазіргі жағдайды, стильдер мен ММА-дағы есеп-қисапты ескерсек, жекпе-жектің тағдырын стиль шешеді. Сондықтан мен Махачевті жеңе алатыныма сенемін», – деді Усман Pound 4 Pound подкастында.

Махачев UFC 330 турнирінде чемпиондық белбеуін қорғады

Ислам Махачев UFC 330 турнирінде Иэн Мачадо Гэрримен кездесіп, бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол жартылай орта салмақтағы чемпиондық атағын сәтті қорғады.

Бұл Махачевтің UFC-дегі қатарынан 17-жеңісі болды. Осы нәтижесінің арқасында ол қатарынан 16 жекпе-жекте жеңілген аты аңызға айналған Андерсон Силваның көрсеткішінен асып түсті.

Усман чемпиондық белбеуін бес рет қорғаған

Камару Усман да UFC тарихындағы ең табысты жартылай орта салмақ өкілдерінің бірі саналады. Ол чемпиондық кезеңінде белбеуін бес рет сәтті қорғаған. Ол соңғы жекпе-жегінде Хоакин Баклимен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Әзірге Усман мен Махачев арасындағы жекпе-жекке қатысты UFC тарапынан ресми ақпарат жоқ. Дегенмен бұрынғы чемпионның мәлімдемесі оны Махачевтің келесі ықтимал қарсыластарының бірі ретінде талқылауға қайта себеп болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам