ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

ММА шебері Арман Оспанов жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін, 11:51

«Сұңқар» лақап атымен танылған спортшы Шымкент қаласы күрес федерациясының вице-президенті болды

ММА шебері Арман Оспанов жаңа қызметке тағайындалды
Arlan MMA Pro Team

Аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов Шымкент қаласы күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

«Сұңқар» лақап атымен танылған спортшы жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы және үш мәрте Әлем кубогының жеңімпазы атанған. Сонымен қатар бразилиялық джиу-джитсудан екі рет Азия чемпионатын жеңіп алған.

Оспанов аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабында 16 кездесу өткізіп, 11 рет жеңіске жеткен және бес жекпе-жекте қарсыласына есе жіберген. Ол PFL, ACA, EFC және Alash Pride секілді танымал ұйымдардың турнирлерінде өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегін 2022 жылы өткізген. Майамиде ұйымдастырылған EFC 44 турнирінде ол Франция өкілі Дилан Сальвадорға мерзімінен бұрын есе жіберді. Содан бері Оспанов кәсіби ММА жарыстарына қатысқан жоқ.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам