ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Нұрсұлтон Рузибоев UFC турнирінде Майкл Пейджден жеңілді

Бүгін, 12:15

Орта салмақтағы жекпе-жек толық үш раундқа созылды

Нұрсұлтон Рузибоев UFC турнирінде Майкл Пейджден жеңілді
UFC

Өзбекстандық аралас жекпе-жек шебері Нұрсұлтон Рузибоев Парижде өткен UFC Fight Night 287 турнирінде британдық Майкл Пейджге есе жіберді.

Орта салмақтағы жекпе-жек толық үш раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілердің барлығы кездесуді 29:28 есебімен Пейдждің пайдасына бағалады.

Рузибоев алғашқы раундты сәтті бастады. Ол қарсыласын партерге түсіріп, біраз уақыт бақылауда ұстады. Алайда екінші және үшінші раундтарда Пейдж аяқ-қолының ұзындығы мен шапшаңдығын тиімді пайдаланып, дәл соққыларының арқасында басымдыққа ие болды.

Екінші раундта британдық файтердің тіземен жасаған соққысы Рузибоевты есеңгіретіп жіберді. Дегенмен Пейдж шабуылын соңына дейін жеткізе алмады. Қалған уақытта жекпе-жек аса жоғары қарқында өтпей, екі спортшы да сақ қимылдады.

Осы жеңістен кейін Майкл Пейдждің кәсіби көрсеткіші 26 жеңіс пен үш жеңіліске жетті. Ол UFC-дегі қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізіп, промоушендегі нәтижесін 5:1-ге жеткізді.

Ал Нұрсұлтон Рузибоевтың үш жекпе-жектен тұратын жеңісті сериясы үзілді. Өзбекстандық спортшының еншісінде енді 37 жеңіс, он жеңіліс және екі тең нәтиже бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам