Хабиб Нурмагомедов командасы Усман мен Топурия жекпе-жегіне $1 млн төлеуге дайын

Усман Нурмагомедовтің UFC-ге ауысатыны әзірге ресми түрде расталған жоқ

© Bellator, Chris Unger / Contributor / UFC / Gettyimages.ru
© Bellator, Chris Unger / Contributor / UFC / Gettyimages.ru

UFC Даңқ залының мүшесі Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Али Абдель-Азиз Усман Нурмагомедов пен UFC-дің бұрынғы чемпионы Илия Топурия арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру үшін 1 миллион доллар төлеуге дайын екенін мәлімдеді. 

Абдель-Азиз Усман Нурмагомедовтің ықтимал гонорары мен жекпе-жекті ұйымдастыруға қажетті қаржы арасындағы айырмашылықты жеке өзі өтеуге дайын екенін айтқан.

«Усман Нурмагомедов пен Илия Топурия арасындағы жекпе-жек – менің арманымдағы кездесу. Егер оны ұйымдастыру үшін Усманның гонорарына жетпей тұрған қаражат болса, оны өз қалтамнан төлеуге дайынмын. Тіпті бұл сома 1 миллион долларға жетсе де», – деген менеджер.

Усманның UFC-ге ауысуы әзірге белгісіз

Усман Нурмагомедовтің UFC-ге ауысатыны әзірге ресми түрде расталған жоқ. Бұған оның PFL-мен келісімшартына қатысты мәселелер себеп болып отыр.

Файтер PFL-дегі келісімшарттық міндеттемелерін толық орындағанымен, лигада автоматты түрде 90 күндік эксклюзивті келіссөз кезеңі іске қосылған. Ол 2026 жылдың қазан айының басына дейін жалғасады. Осыған байланысты Абдель-Азиз әзірге UFC өкілдерімен ресми келіссөз жүргізе алмайды.

Топурия октагонға оралуға дайын

Илия Топурия маусым айында UFC 250 турнирінде Джастин Гэтжиге қарсы жекпе-жекте бет сүйектері мен аяғынан жарақат алған еді.

Испаниялық файтер жарақатынан кейін медициналық тексеруден сәтті өткенін әлеуметтік желіде хабарлап, октагонға оралуға дайын екенін мәлімдеді.

Осылайша Усман Нурмагомедов пен Илия Топурия арасындағы ықтимал жекпе-жек жанкүйерлер көптен күткен кездесулердің біріне айналып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам