MMA файтері Дамир Исмагулов қай елдің азаматы?

04.03.2024, 15:32

Ол кейде Қазақстанның, кейде Ресейдің туымен шығып жүр

MMA файтері Дамир Исмагулов қай елдің азаматы?
Allboxing

Ресейлік MMA промоутері Армен Гулян «Вестник MMA» YouTube-каналына берген сұхбатында қазақ Дамир Исмагуловтың азаматтығы жайында айтты. 

Журналист менеджерден Эдуард Вартанян мен Дамир Исмагуловтың неге басқа елдің туымен октагонға шығып жүргенін сұраған.

– Эдуард Вартанян мен Дамир Исмагуловтың екеуі де Ресей азаматтары. Соған қарамастан алғашқысы Арменияның, соңғысы Қазақстанның туымен шығып жүр. Мұны қалай түсінуге болады?

– Эдуардтың қос азаматтығы бар. Яғни Арменияның да паспорты бар. Арман Царукянда да дәл сондай жағдай. Дамир Исмагулов та UFC-де Қазақстанның туымен шықты. Біздің турнирдің бірінші постерін көрсеңіздер ол жерде Ресейдің туы тұр. Бірақ, аталған жекпе-жекте олар өз елдерінің атынан шығады. Дамир Қазақстанның туын қоюымызды өзі сұрады», - Армен Гулян.

Айта кетейік, 6 наурызда Санкт-Петербург қаласында Дамир Исмагулов пен Дамир Вартанян арасындағы жекпе-жек өтеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов