Шавкат Рахмонов Майкл Моралестің шақыруына жауап берді

Рахмонов тізе жарақатына байланысты ұзақ уақыттан бері қалпына келіп жатыр

MMA
MMA

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов октагонға 2027 жылы оралып, жеңіліссіз рекорды бар Майкл Моралеске қарсы жекпе-жек өткізуге дайын екенін аңғартты.

Рахмонов тізе жарақатына байланысты ұзақ уақыттан бері қалпына келіп жатыр. Қазір қазақстандық спортшы жаттығу залына қайта оралып, дайындығын жалғастыруда.

Бұған дейін эквадорлық Майкл Моралес Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырған еді. Қазақстандық файтер оның әлеуметтік желідегі жазбасына пікір білдіріп, қарсыласымен кездесуге ниетті екенін көрсетті.

«19-0 vs 19-0. 2027», – деп жазды Рахмонов.

Екі файтердің де кәсіби рекорды – 19 жеңіс, 0 жеңіліс.

Моралес бұған дейін Рахмоновты жартылай орта салмақтағы «ең басты босс» деп атаған. Эквадорлық спортшы қазақстандық файтерді осы дивизиондағы ең қауіпті қарсыластардың бірі санайды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам