Шавкат Рахмонов қаңтардағы UFC турниріне қатыспайды

Рахмонов пен Делла Маддаленаның жекпе-жегі өтпейді

UFC
UFC

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың менеджері Дэниел Рубенштейн оның бұрынғы чемпион, австралиялық Джек Делла Маддаленамен жекпе-жек өткізуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін шетелдік БАҚ-та Рахмонов пен Делла Маддаленаның жекпе-жегі қаңтар айына жоспарланып жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда спортшының менеджері мұндай кездесу мүлде талқыланбағанын мәлімдеді.

«Бұл ақпарат шындыққа мүлде жанаспайды. Джек Делла Маддалена Шавкаттың қарсыласы ретінде қарастырылған жоқ. Оның үстіне, Шавкат қаңтарда октагонға оралмайды», – деп жазды Рубенштейн әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін UFC президенті Дана Уайт жеңілмеген Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес арасында жартылай орта салмақта жекпе-жек өткізу мүмкіндігін жоққа шығармаған болатын. Қос спортшының да кәсіби рекорды – 19 жеңіс, 0 жеңіліс.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам