«Олар жігіт емес, қорқақтар»: Двалишвили ағайынды Нурмагомедовтерді айыптады

Getty Images
Getty Images

UFC лигасында өнер көрсететін грузиялық файтер Мераб Двалишвили Абу-Дабиде болған төбелестен кейін ағайынды Умар мен Усман Нурмагомедовтерді тағы айыптады.

11 қарашада қонақ үй фойесінде Усман Нурмагомедов өзінің достарымен бірге Мерабты жабылып ұрып кеткен болатын. Артынша БАӘ соты бұзақылық жасаған спортшыларды 6 айға қамап тастады. Енді грузин файтері төбелес орнында Умардың да болғанын айтып отыр.

«Усман мен Умар Дағыстан мен мұсылман қауымының ең нашар өкілдері. Олар жігіт емес, барып тұрған қорқақтар. Умар төбелес болған жерге кешірек келді, мен де жарақатымда кейін алдым, видеоға түсіп қалған төбелесте маған түк болған жоқ», - деді Двалишвили X әлеуметтік желісіндегі Championship Rounds парақшасында.

Айта кету керек, осы оқиғадан кейін грузин файтері Біріккен Араб Әмірлігінің басшыларынан Усманды босатуды сұраған болатын. Алайда, БАӘ билігі оның сұрауына үн қатқан жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам