«Әдейі жеңілу үшін 100 миллион ұсынды»: Танымал файтер құпиясын ашты

Шара Буллет бұл туралы журналист Карен Адамянға берген сұхбатында айтты

UFC
UFC

Ресейлік UFC файтері Шарабутдин Магомедов 2024 жылы поляк спортшысы Михал Олексейчукпен өткен жекпе-жекте әдейі жеңілу үшін өзіне 100 миллион рубль ұсынылғанын мәлімдеді.

Шара Буллет бұл туралы журналист Карен Адамянға берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, ол ұсынылған қомақты қаржыдан бас тартып, спорттық мансабын бірінші орынға қойған.

«UFC-де бір жекпе-жегімнің алдында маған әдейі жеңілу үшін 100 миллион рубль ұсынды. Қарсыласым поляк Олексейчук болды. Бірақ мен келіспедім. Өйткені мансабым ол ақшадан әлдеқайда маңызды еді», – деді файтер.

Еске салайық, Магомедов пен Олексейчук арасындағы жекпе-жек 2024 жылғы 3 тамызда Әбу-Дабиде өткен UFC on ABC 7 турнирінде ұйымдастырылды. Үш раундқа созылған кездесуде ресейлік спортшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осы жекпе-жектен кейін Шара Буллет UFC-де тағы төрт кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапты. Қазіргі кәсіби рекорды – 17 жеңіс, 1 жеңіліс.

Айта кетейік, Шарабутдин Магомедов келесі жекпе-жегін 5 желтоқсанда бұрынғы UFC чемпионы Исраэль Адесаньяға қарсы өткізеді. Кездесу Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін UFC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегі болады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам