Усман Нурмагомедов пен оның командасы Абу-Дабидегі түрмеден босатылды

Абу-Дабидегі қонақ үйлердің бірінде Усман Нурмагомедов достарымен бірге грузин файтері Мераб Двалишвилиді жабылып ұрған болатын

PFL
PFL

Ресейлік танымал файтер, PFL лигасының чемпионы Усман Нурмагомедов пен оның командасы БАӘ түрмесінен босатылды. Бұл туралы Абу-Даби сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Lovin Dubay сайтының жазуынша, оларға салынған айыппұл көлемі де екі есеге қысқарған. Мәселен, сотталған кезде әрбіріне 300 мың дирхам (36,4 млн теңге) айыппұл белгіленсе, қазір бұл сома 150 мың дирхамға азайды.

Мұндай шешім тараптардың татуласуынан кейін және жәбірленушінің өтінішнен кейін шығарылып отыр. Бұған дейін Усманның ағасы Хабиб Нурмагомедов БАӘ билігіне өтініш айтқаны туралы хабарланған еді. Алайда, бұл дерек әлі ресми расталған жоқ.

Еске салайық, 11 қарашада Абу-Дабидегі қонақ үйлердің бірінде Усман Нурмагомедов достарымен бірге грузин файтері Мераб Двалишвилиді жабылып ұрған болатын. Төбелес салдарынан тағы бір грузин спортшысы зардап шекті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам