Дияр Нұрғожай UFC-дегі бесінші жекпе-жегін өткізу үшін Қатарға жетті

29 жастағы отандасымыздың америкалық Алик Лоренц (8-2) болады

instagram.com/nurgozhay_diyar
instagram.com/nurgozhay_diyar

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (12-2) 21 қарашада Қатардың Доха қаласындағы ABHA Arena кешенінде өтетін UFC Fight Night 294 турнирінде бақ сынайды.

Қазақстандық файтер Instagram парақшасында Қатардағы жаттығуынан фотосуреттер жариялап, қысқа ғана жазба қалдырды.

«Ассалаумағалейкум! Мен дайынмын», – деп жазды Нұрғожай.

29 жастағы спортшының алдағы жекпе-жектегі қарсыласы америкалық Алик Лоренц (8-2) болады. Ол үшін бұл UFC ұйымындағы алғашқы кездесу болмақ. Ал Нұрғожай промоушен аясындағы бесінші жекпе-жегін өткізеді. Қазіргі таңда оның UFC-дегі көрсеткіші – екі жеңіс және екі жеңіліс.

Қазақстандық файтердің соңғы жекпе-жегі 8 тамызда Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night турнирінде болды. Сол кездесуде ол бразилиялық Бруно Лопесті техникалық нокаутпен жеңген еді.

Айта кетейік, Дияр Нұрғожай Қатарға аттанар алдында АҚШ-тың Денвер қаласында оқу-жаттығу жиынын аяқтады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам