Асу Алмабаев Хоригутиді мерзімінен бұрын жеңіп, UFC бонусын алғысы келеді

Асу Алмабаев UFC-дегі чемпиондық жолы туралы мәлімдеме жасады

UFC
UFC

21 қарашада Катар астанасы Дохада UFC Fight Night 294 турнирінің басты карды аясында Асу Алмабаев Кёдзи Хоригутиге қарсы октагонға шығады.

UFC баспасөз қызметіне берген сұхбатында қазақстандық спортшы өзінің шеберлігі мен бұған дейінгі жеңістеріне күмән келтіретіндер бар екенін айтты. Оның сөзінше, алдағы жекпе-жек сыншыларға өзінің жан-жақты жауынгер екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

«Жеңіске лайық екенімді көрсету үшін соңына дейін күресуге дайынмын. Менің қабілеттеріме және кейбір жеңістеріме күмән келтіретіндер көп екенін сеземін. Сондықтан бұл жекпе-жек өз деңгейімді, жан-жақты жауынгер екенімді және дәл осы орында болуға лайық екенімді көрсетуге тамаша мүмкіндік», – деді Алмабаев.

Қазақстандық файтер қарсыласы туралы да жылы пікір білдірді. Ол Хоригутиді ММА әлеміндегі мойындалған тұлға әрі тәжірибелі спортшы ретінде бағалайды.

«Бұл мен үшін керемет мүмкіндік. Ол – аңыз, ММА-де ұзақ жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан, талай сынақтан өткен жауынгер. Осындай қарсыласпен жұдырықтасу арқылы өзімді көрсетуге мүмкіндік аламын. UFC-де не істеп жатқанын жақсы біледі. Олар титулға таласу мүмкіндігін бірден бере салмайды. Алдымен Хоригути секілді қарсыласпен кездестіріп, осы деңгейге лайық екеніңді тексереді. Мен бұл жекпе-жекті титулға қарай қадам жасауға лайық екенімді дәлелдеудің тамаша мүмкіндігі деп санаймын», – деді спортшы.

Алмабаев алдағы кездесуде мерзімінен бұрын жеңіске жетуді мақсат етіп отыр. Қазақстандық файтер жекпе-жекті ертерек аяқтап, үздік өнері үшін берілетін бонусты да иеленгісі келеді.

«Басымдық танытып, қарсыласымды мүмкіндігінше тезірек мерзімінен бұрын жеңуім керек. Көрермендерге қызықты жекпе-жек көрсетіп, бонус алғым келеді. Аздап ақша тапқан да артық болмайды», – деп түйіндеді Асу Алмабаев.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам