Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Жүрегіммен сездім»: Асу Алмабаев жанкүйерлеріне алғыс айтты

10.03.2024, 10:59

Оның жеңістер сериясы 15 жекпе-жекке жетті

«Жүрегіммен сездім»: Асу Алмабаев жанкүйерлеріне алғыс айтты
instagram.com/asu_zulfikar57

UFC лигасында екінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жеткен қазақ файтері жанкүйерлеріне алғысын айтты.

Еске салайық, Майамиде өткен UFC 299 турнирінде америкалық Си Джей Вергарамен төбелескен Асу үш раунд нәтижесінде төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

«Рахмет қазағым, елім, баршаңызға. Әрбіріңізді жүрегіммен сездім», - деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында.

Бұл Асудың UFC лигасындағы екінші кездесуі. Біріншісін ол былтыр жазда америкалық Оди Осборнға қарсы өткізіп, екінші раундта айқын басымдықпен жеңіске жеткен еді.

Осылайша қазақ файтері аралас жекпе-жектегі жеңістер сериясын 15-ке жеткізді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам