Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді

10.03.2024, 05:06

Жекпе-жек үш раундқа созылды

Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді
UFC

UFC лигасында аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ файтері Асу Алмабаев (18-2) кезекті жеңісіне қол жеткізді. Майами қаласында (АҚШ) өткен UFC 299 турнирінде жерлесіміз америкалық Си Джей Вергарамен (12-4-1) октагонға шыққан болатын.

Жекпе-жек үш раундқа созылды. Әр раундта қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсеткен Алмабаевқа төрешілер жеңісті бірауыздан берді.

Айта кету керек, бұл Асу Алмабаевтың UFC лигасындағы екінші кездесуі. Алғашқы жекпе-жегін ол 2023 жылдың жазында америкалық Оди Осборнға қарсы өткізіп, екінші раундта айқын басымдықпен жеңіске жеткен еді.

Осылайша қазақ файтері аралас жекпе-жектегі жеңіліссіз сериясын 15-ке жеткізді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам