Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақ файтері Ресей төрінде орыс қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

17.03.2024, 13:39

Оның өзі бір рет нокдаун алып қалды

Қазақ файтері Ресей төрінде орыс қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
sports.kz

Аралас жекпе-жектен Екатеринбургте өткен RCC Hard 6 турнирінде қазақ файтері Әлихан Жакупов қарсыласын нокаутпен жеңді.

Жерлесіміз ресейлік спортшы Артем Щуповпен рингке шыққан. Жекпе-жек барысында Әлихан бір рет нокдаунға түсіп қалды. Алайда, есін тез жиып, орыс файтерін ауыр соққымен құлатып, нокаутпен жеңіске жетті.

«Щупов қашықтықты қысқартып, қарсыласын клинчте ұстағысы келді. Раунд ортасында ол жойқын сериясымен Әлиханды нокдаунға да жіберді. Бірақ, Әлихан камбэк жасап, дәл соққысымен Щуповты нокаутқа түсірді. Артем бұл ауыр соққыдан кейін аяққа тұра алғанымен, төреші жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеді», - делінген RCC-ның баспасөз қызметі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам