Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

Дана Уайт бір түнде 3 млн долларынан қалай айрылғанын айтты

28.03.2024, 08:19

Спорт менеджері подкастқа қатысып, ағынан жарылды

Дана Уайт бір түнде 3 млн долларынан қалай айрылғанын айтты
UFC

UFC лигасының бас директоры Дана Уайт аса ірі көлемде ақша ұтылып қалғаны туралы айтты. Танымал менеджер құмар ойынға әуес екенін бұған дейін де жасырмайтын.

«Бірде мен достарыммен «Риоға» келдім. Онда үлкен апартаменттер бар. Біз біреуін алдық. Алдымен кешкі ас іштік, сосын арақ-шарап іше бастадық. Көңіл көтерілді, мен төменге түсіп, құмар ойын ойнадым. Жақсылап іштім, 80 мың доллар ұтылып, үйге қайттым.

Таңертең ұйқыдан оянып, 80 мың доллар ұтылып қалғаныма ашуландым. Өзіме келіп, жұмысқа барсам, басқарушы директор хабарласып: «Дана, сен келесің бе, апартамент саған әлі керек пе?» деп сұрады. Мен бармайтынымды айтып, «жеңілген 80 мың долларыма өздерің демалыңдар» дедім. Сөйтсем ол маған: «Дана, қайдағы 80 мың доллар, сен кеше 3 миллион доллар ұтылдың» дейді. Мен өте қолайсыз жағдайда болдым», - деді Дана Уайт Лекс Фридманмен болған подкастта.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт