Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Шавкат Рахмонов Қытайға арнайы қонақ ретінде барды (ФОТО)

28.03.2024, 09:23

1,5 млрд халқы бар елде қазақ спортшысының фанаттары көп

Шавкат Рахмонов Қытайға арнайы қонақ ретінде барды (ФОТО)
instagram.com/darteam.kazakhstan/

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Қытай астанасы Бейжіңге келіп, жергілікті жанкүйерлерімен жолықты.

Даңқты файтер мұнда Қытайдағы туризм жылына арналған халықаралық форумға қатысады. Оны ұшақтан жергілікті файтер Ли Дзи Лян күтіп алып, ерекше құрмет көрсетті. Екі спортшы да UFC-де бір салмақта өнер көрсететінін айта кету керек.

Рахмоновтың Бейжіңде жанкүйерлері аз емес екен. Спортшы олармен фотосуретке түсіп, естелікке қолтаңбасын қалдырды.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет октагонға былтыр 16 желтоқсанда шыққан болатын. Ол кезде жерлесіміз америкалық файтер Стивен Томпсонды уақытынан бұрын жеңді. Биыл Рахмонов келесі жекпе-жегін жазда өткізеді деп жоспарланып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам