Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Нұрсұлтан есімді өзбек файтері америкалық қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

31.03.2024, 10:13

Бұл оның UFC лигасындағы екінші жеңісі

Нұрсұлтан есімді өзбек файтері америкалық қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
UFC

UFC-де орта салмақта өнер көрсетіп жүрген өзбекстандық файтер Нурсултон Рузибоев америкалық қарсыласын нокаутпен жеңді.

Атлантик-Ситиде (Нью-Джерси, АҚШ) өткен турнирде өзбек спортшысы америкалық Седрик Дюмамен октагонға шыққан. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Нурсултон алдымен апперкот соққысымен қарсыласын ұрып құлатып, артынша жерде жатқан қарсыласына соққыларын жаудырды. Төреші төбелесті уақытынан бұрын тоқтатты.

Айта кетейік, Нурсултон Рузибоев UFC-де былтырдан бері өнер көрсетіп келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам