Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Қытай қазағы UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді (ВИДЕО)

28.04.2024, 02:03

Ол бұған дейін екі рет жеңілген

Қытай қазағы UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді (ВИДЕО)
instagram.com/maheshate_mma/

Қытайдың атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Мақсат Қайсар UFC-де екінші жеңісіне қол жеткізді.

27 сәуірде UFC Vegas турнирінде ол мексикалық Габриэль Бенитеспен кездеседі. Айқас жеңіл салмақ дәрежесінде өтті. Төрешілер шешімімен Қытайдағы этникалық қазақ жеңіске жетті.

Мақсат Қайсар бұған дейін UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде америкалық Стив Гарсияны нокаутпен ұтқанымен, одан кейін екі рет жеңіліс тапты: алдымен 2022 жылғы желтоқсанда мексикалық Рафа Гарсияға есе жіберсе, 2023 жылғы мамырда ресейлік Вячеслав Борщевке шамасы жетпеді.

Бұл жолғы қарсыласы 35 жастағы Бенитес әлемдегі үздік лигада 2014 жылдан бері өнер көрсетеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам