Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Шавкат Рахмонов UFC-дің бұрынғы чемпионымен айқасуы мүмкін

02.05.2024, 23:21

Қазақ файтерінің өзі октагонға күзде оралатынын айтты

Шавкат Рахмонов UFC-дің бұрынғы чемпионымен айқасуы мүмкін
Vesti.kz

Британиялық тілші Бен Смиттің пікірінше, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жеңіл салмақта UFC-дің экс-чемпионы бразилиялық Чарльз Оливейрамен жекпе-жек өткізуі мүмкін. Ол бұл айқастың маңыздылығына тоқталды.

Бұған дейін Оливейра Рахмонов өнер көрсететін жартылай орта салмақта бақ сынап көргісі келетінін мәлімдеген.

«Меніңше, Рахмонов пен Оливейра жекпе-жегі өтуі әбден мүмкін. Чарльздің жүріп өткен жолы керемет. Ол танымал спортшы, оны UFC-де де құрметтейді. Ол – Рахмоновқа лайықты қарсылас. Егер бұл кездесуде Чарльз жеңсе, онда ол чемпионмен айқаса алады. Бұл жекпе-жекті қарастыру керек деп ойлаймын. Оның өту мүмкіндігі жоғары», - деді Смит.

Айта кетейік, Оливейра өзінің соңғы айқасында төрешілер шешімімен Арман Царукяннан жеңілді.

Отандасымызға келсек, ол 2023 жылғы 16 желтоқсанда Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) октагонға шығып, екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды ұтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам