Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әйгілі Федор Емельяненко Алматыға келіп, «Құрметті профессор» атанды (ВИДЕО)

03.05.2024, 13:54

Ол аралас жекпе-жектен аса ауыр салмақта әлемнің бірнеше дүркін чемпионы

Әйгілі Федор Емельяненко Алматыға келіп, «Құрметті профессор» атанды (ВИДЕО)
Қазақпарат

Аралас жекпе-жектен Ресейдің танымал спортшысы Федор Емельяненко Қазақтың спорт және туризм академиясына барып, студенттермен кездесу өткізді.

Басқосу барысында ол студенттерді қызықтырған сауалдарға жауап берді. Ал академия ректоры Бауыржан Қайратұлы Федор Емельяненкоға «Құрметті профессор» атағын салтанатты түрде табыс етті. 

ММА шебері қонақжайлылық танытқан алматылықтар алғысын жеткізді.

«Мені керемет күтіп алды, қазақ жанкүйерлерінің махаббатын сезіндім. Алматыға бірінші рет келдім, адамдарына да, қалаға да тәнті болдым. Құдай қаласа, тағы келемін деп үміттенемін», - деді Емельяненко.

Федор Емельяненко – аралас жекпе-жектен аса ауыр салмақта түрлі дивизион бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы. Ол 47 жекпе-жек өткізіп, соның 40-да жеңіске жеткен. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам