Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

1994-2024. Америкалық файтер Шавкат Рахмоновты «жерлеп тастады» (ВИДЕО)

30.05.2024, 21:48

Шавкат октагонға биыл күзде оралады деген болжам бар, әзіре оның қарсыласы анықталмады

1994-2024. Америкалық файтер Шавкат Рахмоновты «жерлеп тастады» (ВИДЕО)
UFC

UFC-де жеңіл салмақта өнер көрсететін америкалық Хоакин Бакли қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қатысты мәлімдеме жасады.

Осыдан біраз бұрын Хоакин өзінің Instagram-дағы парақшасында екеуара кездесуге арналған жазба жариялап, Шавкатты жекпе-жекке шақырды.

Алайда, Шавкат бұл ұсынысты қабылдамаған соң, американдық оның назарын ерекше тәсілмен аудартқысы келген тәрізді.

Бакли Рахмоновтың ақ-қара форматтағы видеосын салып, былай деп жазды:

«Kill Cliff тыныштық тапсын! 2024 жылы тағы бір спортшыны жерлеймін».

Аралас жекпе-жек шебері бұдан былай Шавкат өлді дегенді меңзеп тұр. Бірақ, Шавкаттың да жауабы көп күттірмеді.

«Сенің Конорды жекпе-жекке шақырғаныңда сандырақ деп ойлағанмын. Бірақ, бұл жолы сен одан да асып кеттің», - деп жазды Рахмонов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам