Ол 22 маусымда Сауд Арабиясында аустралиялық Роберт Уиттакермен төбелесуі керек еді
Мүлдем жеңіліп көрмеген аралас жекпе-жек шебері, жартылай орта салмақта өнер көрсететін шешен файтері Хамзат Чимаев ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы оның досы Мухаммад Эскерханов мәлімдеді.
«Әрбір ауыртпалықтың соңында бір жеңілдік бар», - деп жазды ол әлеуметтік желіде төсек тартып жатқан Хамзаттың фотосуретін жариялап.
Айта кету керек, Чимаев 22 маусымда Сауд Арабиясындағы UFC турнирінде жекпе-жек өткізуі керек болатын. Оның қарсыласы – аустралиялық Роберт Уиттакер. Алайда, UFC басшысы Дана Уайт бұл кездесудің болмайтынын мәлімдеді.
«Өкінішке қарай, Хамзат келесі апта өтетін жекпе-жекке қатыса алмайды. Ол қатты науқастанып қалды және еліне қайтуға мәжбүр. Жуырда сауығып кетеді деп үміттенем», - деп мәлімдеді Дана Уайт.
Чимаевтың немен ауырып жатқаны айтылған жоқ. Ол аралас жекпе-жекте барлығы 13 кездесу өткізіп бәрінде жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жегін Хамзат былтыр қазан айында Камару Усманмен өткізіп, төрешілер шешімімен басым түсті.