Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

«Терроризмді исламмен байланыстырмаңдар»: Махачев Дағыстандағы жайттан кейін мәлімдеме жасады

24.06.2024, 10:40

Өлтірілген террористердің бірі MMA файтері Гаджимурат Кагиров болуы мүмкін

«Терроризмді исламмен байланыстырмаңдар»: Махачев Дағыстандағы жайттан кейін мәлімдеме жасады
UFC

Аралас жекпе-жектен UFC лигасының чемпионы дағыстандық Ислам Махачев өз елінде болған террористік оқиғадан кейін мәлімдеме жасады.

Ол зорлық-зомбылық пен ауыр қылмыстарға ислам дінінің еш қатысы жоқ екенін және терроризммен асыл дінді байланыстырмауды сұрады.

«Ислам діні бейкүнә адамдарға зорлық-зомбылық жасауға қатаң тыйым салады. Тіпті, оның ар-намысына, мүлкіне нұқсан келтіруге де болмайды. Ешкімнің адам өлтіруге, оның мүлкін бүлдіруге, тыныштығын бұзуға құқығы жоқ.

Адамдыққа жат бұл оқиғаны ислам дінімен байланыстырмаңыздар. Дінде мұның бәріне тыйым салынған», - деп жазды Махачев өзінің Instagram-парақшасында.

Еске салайық, 23 маусымда Дағыстанның Дербент қаласында суық қаруланған бірнеше адам шіркеу мен синагогаға шабуыл жасады. Салдарынан 10 адам қаза тауып, ондағаны жараланды. Өлгендердің сегізі – полиция қызметкері, тағы біреуі – шіркеуі өкілі. Сондай-ақ, теракт Дағыстан астанасы Махачкалада да болды. Барлығы 6 лаңкестің көзі жойылды.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, теракт жасағандардың бірі – MMA файтері Гаджимурат Кагиров болуы мүмкін. Ол – әйгілі Хабиб Нурмагомедов ашқан спорт мектебінің шәкірті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам