Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Біздің елде Олимпиада мен әлем чемпиондары футболшылардан аз ақша алады – Қуат Хамитов

30.11.2023, 10:23

Белгілі файтер Спорт министрінен былықты тоқтатуды талап етті

Біздің елде Олимпиада мен әлем чемпиондары футболшылардан аз ақша алады – Қуат Хамитов
Instagram

MMA файтері Қуат «Найман» Хамитов Қазақстан футболы мен хоккейіне шүйлікті. Ол әлем мен Олимпиада чемпиондарының футболшылар мен хоккейшілерден төмен табыс табатынына наразы.

«Футболшылар мен хоккейшілердің қанша жалақы алатынын естіп, жүрек ауырып жатыр. Неге десеңіздер, кеше ғана тұңғыш қазақ болып әлем чемпионы атанған, көк байрағымызды көтеріп, алтын медаль алып келген бауырымызға небәрі 15 мың доллар берді. Мұндай ақшаны ешқандай нәтижесі жоқ футболшылар мен хоккейшілер ай сайын алып жатыр», - деді Хамитов арнайы жасаған видеоүндеуінде.

Ол еліміздегі спорт шенеуніктерінің бұл әділетсіздікке араласып, мәселені оң шешуі тиіс деп санайды.

«Осы мәселені қашан қолға аламыз? Неге біздің еліміздегі Олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары, Азия чемпиондары сол нәтижесі жоқ жігіттерден аз ақша алуы керек? Бұл мәселені біздің елде қолға алатын адам бар ма? Мына спорт министрінің жағдайды дұрыстайтын уақыты келді ғой. Біз осы коррупциямен күрескіміз келеді. Бірақ, мынадай «бардак» болып жатқанда қалай күресеміз?», - деді ол.

Айта кетейік, Қуат Хамитов Қазақстан футболшыларына қатысты бірнеше жылдан бері өткір сын айтып келеді. Ол аталған салаға жұмсалып жатқан қаражаттың ауаға ұшып жатқанын мәлімдеп, бұл ақшаны медаль әкелетін спорт түрлеріне құюды сұрауда.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам