Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Хабиб Нурмагомедов бала кезден бергі кумирімен кездесті

27.11.2023, 10:25

«Жалғыз және қайталанбас» дейді ол

Хабиб Нурмагомедов бала кезден бергі кумирімен кездесті
скрин Instagram

Аралас жекпе-жек шебері, UFC лигасының экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов Абу-Дабиде бразилиялық даңқты футболшы Роналдомен кездесті. Тарихи фотоны файтер өзінің Instagram-парақшасында жариялады.

Айта кетейік, Біріккен Араб әмірліктерінде «Формула-1» жарысының соңғы кезеңі өтті. Аталған шараға әлемнің танымал спортшылары мен өнер жұлдыздары жиналған.

Хабиб болса өзінің ең сүйікті футболшысы дәл осы Роналдо екенін бұған дейін айтқан болатын. Бразилиялық шабуылшы әлемнің екі дүркін чемпионы. «Барселона», «Реал», «Интер», «Милан», ПСВ секілді Еуропаның ең мықты клубтарында өнер көрсеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам