“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Дамир Ысмағұлов Ислам Махачевті жеңген файтермен жекпе-жек өткізетін болды

25.08.2024, 20:44

Десе де, қарсыласы Дамирден 10 жасқа үлкен

Дамир Ысмағұлов Ислам Махачевті жеңген файтермен жекпе-жек өткізетін болды
Global Look Press

21 қыркүйек күні Alash Pride Ақтөбеде өзінің 100-турнирін өткізеді. Басты айқас ресейлік қандасымыз Дамир Ысмағұлов (25-3) пен бразилиялық Адриано Мартинс (41-12) арасында өтеді. 

31 жастағы Ысмағұлов UFC-ден кеткелі екі кездесу өткізді: наурыз айында кикбоксинг К-1 ережесі бойынша Эдуард Вартаняннан ұтылса, маусымда Алматыдағы Hardcore турнирінде ММА ережесі бойынша Дмитрий Климовтен басым түсті.

Ал 41 жастағы Мартинес наурыз айында үш жылдық үзілістен соң ММА-ге оралып, Kongs француз лигасында жеңіске жету арқылы өзінің жеңілістер сериясын үзді. Көпшілік Мартинесті 2015 жылы болашақ чемпион Ислам Махаевті ұтқаны арқылы таниды. 

UFC-де Мартинс барлығы 7 айқас өткізді – 5-2. Махачевті жеңген соң ол UFC-де екі рет жеңіліс тауып, ұйымнан шығарылды. 2015 жылдан бері Мартинес жеті жекпе-жегінің біреуінде ғана жеңіске жеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам