“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Шавкат Рахмонов Ислам Махачевпен кездесуі мүмкін бе? Спортшының өзі жауап берді

28.08.2024, 11:10

Махачевтің салмағы Рахмоновтан жеңіл

Шавкат Рахмонов Ислам Махачевпен кездесуі мүмкін бе? Спортшының өзі жауап берді
Getty Images

UFC-де жеңілмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (18-0) жеңіл салмақта әлем чемпионы Ислам Махачевпен (26-1) төбелесуге дайын. 

Отандық аралас жекпе-жек шебері өзін чемпиондық белбеуге келесі үміткер деп санайды. Одан қалды, америкалық Камару Усманның өтініші ұят тірлік екенін де айтты.

«Оның не туралы ойлайтынын білмеймін. Қатарынан үш жеңілістен соң чемпиондық айқас сұрау – өте ұят тірлік. Менің миыма қонбайды», - деді Рахмонов Submission Radio-ға берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Шавкат Ислам Махачевпен өтуі мүмкін кездесу туралы да сөз етті. Ол үшін жеңіл салмақтағы чемпион жартылай орта салмаққа ауысуы керек.

«Исламның салмақ ауыстыратын ойы бар ма екен, білмеймін. Бірақ жуық арада ол өз дивизионында чемпиондық атағын қорғайды. Сонан соң ол салмағын арттырып кездесемін десе, мен қарсы емеспін», - деді Рахмонов.

Айта кетейік, Шавкат октагонға 2023 жылғы желтоқсан айынан бері шыққан жоқ. Жартылай орта салмақта чемпиондық атаққа американдық Белал Мухаммад ие.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам