Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Оңай болмайды»: Шавкат Рахмонов чемпиондық титулды Қазақстанға әкелуге уәде берді

28.08.2024, 15:56

Қазақ файтері UFC-де мүлдем жеңілмеген

«Оңай болмайды»: Шавкат Рахмонов чемпиондық титулды Қазақстанға әкелуге уәде берді
Getty Images

UFC лигасында өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жақын уақытта чемпиондық титул үшін төбелесуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы спортшы «Submission Radio» ютуб-каналындағы сұхбат кезінде айтқан.

Айта кетейік, орта салмақтағы чемпиондық белбеу америкалық файтер Белал Мухаммадқа тиесілі. Ол биыл жылдың соңында титулын қорғауы тиіс. Әзірге нақты үміткер белгісіз, UFC Шавкат Рахмонов пен Камару Усманның бірін таңдап, жыл жекпе-жегін ұйымдастыруы мүмкін.

Камару Усман соңғы үш жекпе-жегінде жеңілген. Ал, Шавкат Рахмоновтың мүлдем жеңілісі жоқ, UFC-де өткізген алты айқасының бәрін ол мезгілінен бұрын жеңіп шыққан. Сондықтан, қазақ файтерінің чемпиондық титул үшін төбелесу мүмкіндігі жоғары.

«Менің ойымша, Белал екеуміз октагонға шықсақ, жақын дистанцияда төбелесеміз, қоян-қолтық ұрыс болады. Оңай болмайды, кім өз жоспарын жүзеге асыра алса, сол жеңіске жетеді. Қанша қиын болса да мен жеңіске жетеріме сенімдімін.

Жекпе-жекке қазір шығуға дайынмын, нақты уақытын әзірге білмеймін. Бәлкім биыл жыл соңына қарай, бәлкім UFC келер жылға қалдыруы мүмкін. Бастысы Белал дайын болса болды. Мен оны жеңіп, чемпиондық белбеуді Қазақстанға алып келемін», - деді Шавкат Рахмонов.

Айта кетейік, бұған дейін Камару Усман Белал Мухаммадпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтып, мәлімдеме жасаған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам