Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Шавкаттың жанкүйерлерінің аузын жабамын»: Белал Мухаммад қазақ файтерін жеңуге уәде берді

03.09.2024, 10:43

Екеуінің арасындағы жекпе-жек биыл қарашада өтуі мүмкін

«Шавкаттың жанкүйерлерінің аузын жабамын»: Белал Мухаммад қазақ файтерін жеңуге уәде берді
Allboxing

UFC лигасында жартылай орта салмақта әлем чемпионы америкалық Белал Мухаммад чемпиондық титулын қорғау мәселесіне қатысты пікірімен бөлісті. Қазіргі таңда бұл жекпе-жекке қазақстандық Шавкат Рахмонов пен нигериялық Камару Усман үмітті.

Бұған дейін Белал «Шавкат пен Камару өзара төбелесіп, қай жеңгені титул үшін менімен төбелессін» деген болатын. Бұл жолы ол қазақ файтері қызығырақ дегенді мәлімдеп отыр.

«Егер Усман Хамзатқа жеңілмегенде, мен онымен төбелесуге келісер едім. Егер ол тек Леон Эдвардстан жеңілгеннен кейін маған келсе, оның шақыртуын қабыл алуға дайын болдым. Бірақ, өздеріңіз білесіздер, ол соңғы үш жекпе-жегінде де жеңіліп қалды. Енді кемі бір жекпе-жек жеңсе, мен ойланып көрем. Сондықтан, қазір Шавкатпен төбелескенім дұрыс. 

Бәрі ойлайды, Шавкат ешқашан жеңілмеген мықты деп. Маған Шавкаттың мыңдаған жанкүйері Instagram-да да пікір жазып жатыр. Мен Шавкатты жеңіп, олардың аузын жабамын, олардың пікірі дұрыс емес екенін дәлелдеймін.

Менің соңғы 6-7 жекпе-жегімде жанкүйерлердің бәрі «сені өлтіреді» деп пікір жазып жатты. Мен бәрінде жеңіске жеттім. Осы жолы да Шавкатпен шығамын да, оны жеңемін. Сонда ешкімде артық ауыз әңгімесі болмайды.

Егер қазір Усманды жеңсем жұрт тағы шулайды: «ол соңғы үш кездесуінде жеңілген, ол әлсіз, тізесі ауырады, бомжды жеңдің» деп. Ал егер Шавкатты жеңсем бәрінің аузына құм құйылады. Ол жеңілмеген және барлық жеңісіне мерзімінен бұрын жеткен. Сондықтан да қазір менің жоспарым – Шавкатпен жекпе-жек өткізу», - деді Белал Мухаммад Submission Radio ютуб-каналына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Белал Мухаммад шілде айында Леон Эдвардсты жеңіп, оның чемпиондық атағын тартып алған болатын. Шавкат Рахмонов болса былтыр желтоқсан айынан кейін октагонға әлі шықпады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам