“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы жекпе-жегінде WBC-дің арнайы белбеуін сарапқа салады

03.09.2024, 09:35

Дәл осындай титул АҚШ-тағы бокс кешінде сарапқа салынған болатын

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы жекпе-жегінде WBC-дің арнайы белбеуін сарапқа салады
instagram.com/kuat__khamitov/

Алматыда 28 қыркүйекте өтетін бокс кешінде аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өнер көрсететіні белгілі. Ол белгілі файтер Нұрберген Шәріппен алты раунд жұдырықтасады. Жекпе-жек кәсіпқой бокс форматында өтіп, жеңімпазға WBC ұйымынан арнайы белбеу беріледі. Бұл туралы промоутер Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, дәл осындай белбеуді WBC боксшы Том Фьюри мен блогер Джейк Пол арасындағы жекпе-жек өткен кезде де сарапқа салған. Ол кезде британдық боксшы жеңіске жеткен болатын.

«Біз WBC ұйымымен келістік. Олар біздің ивентке ерекше көңіл бөліп отыр. Атап айтқанда, Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріп арасындағы жекпе-жекке арнайы белбеу әзірледі. Олар кәсіпқой бокс ережесі бойынша алты раунд жұдырықтасады», - деді Алиев.

Айта кетейік, аталған бокс кешінің басты оқиғасы – Дания Елеусінов пен филиппиндік Джо Нойнай арасында өтетін жекпе-жек.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам