Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

06.12.2023, 17:26

Оның қарсыласының да аты-жөні белгілі

Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Фото ашық дереккөзден

Жеңіл салмақтағы қазақстандық UFC шебері Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды. Танымал файтер енді наурыз айында АҚШ-та октагонға шықпақ.

Оның бұл кездесудегі қарсыласы америкалық Си Джей Вергар болады деп күтіліп отыр. Жоспар бойынша отандасымыз 9 наурыз күні Майамиде UFC 299 турнирінде сынға түседі. 

Бұған дейін Алмабаев 2023 жылдың тамыз айында алғаш рет әлемдік үздік промоушен саналатын UFC-де сынға түскен еді. Сол жолы Асу америкалық Одом Осборнды тас-талқан еткен еді. Алайда, қазақ файтері күз басында оқыстан жарақат алып, қатардан шығып қалды.

Айта кететін жайт, қазіргі уақытта отандасымыз Асу Алмабаев First Round Management компаниясы менеджерлік етуге ниетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам