Жалғас Жұмағұлов жеңілістер сериясын жойқын нокаутпен үзді

06.12.2023, 22:22

Ол UFC дивизионында барлығы 7 кездесу өткізіп, соның тек біреуінде ғана жеңіске жеткен

Жалғас Жұмағұлов жеңілістер сериясын жойқын нокаутпен үзді
Vesti.kz

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-ден кеткелі алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Астанада өткен Naiza 55 турнирінде Жұмағұлов жапон спортшысы Масато Накамурамен кездесті. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раунд аяқталмай Жалғастың жойқын нокаутымен аяқталды.

Айта кетейік, осы жекпе-жекке дейін Ж.Жұмағұлов қатарынан төрт рет жеңілген болатын. Ол UFC дивизионында барлығы 7 кездесу өткізіп, соның тек біреуінде ғана жеңіске жетті.

Ал, осы жекпе-жек кешінің басты айқасы ең жеңіл салмақта өнер көрсететін Диас Еренғайыпов пен жапон Руи Фукуда арасында өтті. Бес раундқа созылған кездесуде төрешілер жеңісті қазақ файтеріне берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 3

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам