Орынбор қазағы бұған дейін UFC-де өнео көрсеткен еді
Қазақастандық аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмагулов (26-3) Ақтөбеде өткен Alash Pride FC 100 турнирінде бразилиялық қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді. Жекпе-жек небәрі бірінші раундта аяқталды.
Қазақ файтерінің жасы 33-те болса, оның қарсыласы Обердан Виейра Тенорионың (35-15-1) жасы 37-де. Ол Дамирдің айналып тепкен соққысына қорғаныс әрекетін жасап үлгере алмады. Төреші дереу төбелесті тоқатып, октагонға дәрігерді шақыртты.
Дамир Исмагулов – Орынбор қазағы. Ол бұған дейін UFC-де өнер көрсетіп, 7 жекпе-жек өткізген. Олардың бесеуін жеңіп, соңғы екеуінде жеңілді.