Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

ММА-ден әлем чемпионы құтқарушы болып жұмысқа орналасты

26.09.2024, 17:36

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері өрт сөндірумен айналысады

ММА-ден әлем чемпионы құтқарушы болып жұмысқа орналасты
ТЖМ

Танымал қазақстандық спортшы Санжар Әділов Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментіне жұмысқа орналасты.

Санжар Әділов – ММА бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жауынгерлік самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ММА бойынша әлем чемпионы және Alash Pride кәсіби лигасының қазіргі чемпионы. Ол өз өмірін халқымызды қорғауға арнап, азаматтық қорғау органдарының қызметіне кірісті. 

Санжар Әділов азаматтық қорғау органдарында өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын әлемдік аренадағы спорттық жарыстарға қатысады. 

 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам