Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Ешкім секонд-хендтен киінгісі келмейді»: Қуат Хамитов әлі де пәк қыз іздеп жүргенін айтты

27.09.2024, 12:10

Ол ата-аналарды балаларын дұрыс тәрбиелеуге шақырды

«Ешкім секонд-хендтен киінгісі келмейді»: Қуат Хамитов әлі де пәк қыз іздеп жүргенін айтты
instagram.com/kuat__khamitov

Болашақ жарына қатысты талаптарынан соң сынға ұшыраған қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов бұл мәселеге қатысты тағы пікір білдірді. Өзінің сұхбаттарының бірінде «Найман» он жылдан бері пәк қызды таба алмай жүргенін айтқан.

Қуат бұл ойын әлі де өзгертпегенін және жарының өзіне ғана тиесілі болғанын қалайтынын алға тартты.

«Басқа қалаларда қалай екенін білмеймін, бірақ лайықты ер адамдар, жігіттер тұратын, көше көрген, тәрбие көрген біздің жақта алғашқы неке түнінен соң-ақ төсеніш жайып қоятын. Бұл біздің қанымызда бар. Сондықтан жігіт пәк емес қызға үйленсе, онда біз сол жігітпен араласпай қоятынбыз. Біз солай өстік. Әйел – ол ер адамның ар-намысы, сенің келбетің. Сондықтан мен бұл ойымнан бас тартқан жоқпын, бас тартпаймын деген үміттемін. Мені қарғап-сілеп жатқан жас қыздарға, ата-аналарға айтарым: ұлдарыңызға, қыздарыңызға дұрыс тәрбие беріңіздер, оларға өздерін ұстауды үйретіңіздер. Бұл тәрбиелі қыздың тәрбиесіз қыздан басты айырмашылығы.

Ақша тапқанда, жаңа көлік, жаңа телефон, жаңа үй алғымыз келеді ғой. Ешкім секонд-хендтен киінгісі келмейді. Сондықтан неге таза әйелге үйленбеуіміз керек? Әйел – жаңа көліктен, үй немесе телефоннан миллион есе құнды. Мұны есі дұрыс адамдар түсінеді деп ойлаймын», - деді Хамитов.

Еске салайық, 28 қыркүйекте Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде Қуат Хмитов алғаш рет бокс ережелеріне сай Нұрберген Шәріппен жұдырықтасады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам