Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Томпсонды аяқта тұрып та жеңе аламын»: Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жегіне болжамын айтты

10.12.2023, 16:53

Қазақ файтері әлі ешқашан жеңілмеген

«Томпсонды аяқта тұрып та жеңе аламын»: Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жегіне болжамын айтты
Фото ашық дереккөзден

17 желтоқсанда UFC 296 турнирінде қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов америкалық спортшы Стивен Томпсонмен жекпе-жек өткізеді. Осы кездесуге қатысты Рахмонов өз болжамын айтты деп жазады Prosports.kz.

Бұған дейін Томпсон «Шавкат аяқта тұрып төбелеспей, партерде жатып алады» деген болатын.

«Барлығы маған байланысты емес, оның қалай жекпе-жек жүргізетініне де байланысты. Мен аяқта тұрып та жақсы төбелесе алам және жеңе аламын оны», - деді Рахмонов MMA Junkie сайтына берген сұхбатында.

Ол осы жекпе-жекте жеңсе келесі кездесуі Белал Мухаммадпен болуы мүмкін екенін де айтып қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам